03.04.2007, 10:23 1394

Атырау облысында түрік компаниясы қызметкерлерінің улануына сальмонеллез себеп болған

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Атырау облысында түрік компаниясы қызметкерлерінің улануына сальмонеллез себеп болған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, мекеме ақпаратына сәйкес, зертханалық тексерулер қорытындысы көрсеткендей, "АСВ-Кетринг" ЖШС-нің асхана қызметкері сальмонелла энтеритидис бактериясын таратушы көзге айналған. Жұқпалы дерт технологиялық және жылу тәртібін бұзу арқылы пісірілген тауықтың сан еті арқылы тараған. Сонымен бірге өнімді сату мерзімі де өтіп кеткен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-наурыздан бастап Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясының жұмысшылары Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жатқызыла бастаған. Олардың бәрі де сол күні зауыт асханасында тамақтанған.

2-сәуірдегі жағдаймен зардап шеккен жұмысшылардың саны 497-ге жетті. Соның ішінде вахталық Қарабатан ауылында 366 адам ауруханаға жатқызылды. 131 адам Атыраудың емдеу мекемелерінде жатыр. Қазіргі жағдаймен 167 адам ауруханадан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны