30.03.2007, 10:17 2698

Атырау облысында түрік компаниясында тамақтан уланған жұмыскерлердің саны 376-ға жетті - төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Атырау облысында түрік құрылыс компаниясында тамақтан уланған жұмыскерлердің саны 376-ға жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бейсенбі күнгі 17 сағаттағы жағдаймен 71 адам ауруханада жатса, Қарабатан ауылындағы провизорлық бөлімшеде 305 адам тексерілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Есенгенов пен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы бас саниатарлық дәрігерінің орынбасары В.Шаянов басқарған штаб жұмыс істеуде. Адамдардың жаппай улану ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Еске сала кетейік, 27-наурызда Атырау облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясында істейтін жұмысшылар тамақтан улану белгілерімен жатқызыла бастаған. Зардап шеккендердің бәрі сол күні зауыт асханасында тамақтанған. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, жұмысшылардың жаппай улануына олар жеген құс еті себеп болған болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны