31.05.2007, 09:53 6572

Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Индер ауданы, Атырау-Индер тас жолының 111 шақырымында 30-мамырда "Фольксваген" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы әйел оқиға орнында опат болды. Тағы төрт жолаушы, соның ішінде 5 жасар бала ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны