20.01.2011, 15:57 3702

Атырау облысындағы 9 адамның улануына белгісіз газ себеп болған

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентіндегі № 224 "А" мекен жайындағы үйдің 9 тұрғынының улануына белгісіз газ себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алдын ала жасалған болжам бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентіндегі № 224 "А" мекен жайындағы үйдің 9 тұрғынының улануына белгісіз газ себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Атырау облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өңірлік бөлімшесінің алдын ала жасаған болжамы бойынша, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентіндегі № 224 "А" мекен жайындағы үйдің 9 тұрғынының улануына белгісіз газ себеп болған",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, үстіміздегі жылдың 20-қаңтарындағы жағдаймен, бір адам жан сақтау бөлімінде, ал қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Бұрын хабарлағанымыздай, Атырау облысы Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде алты адам астан уланып, 49 жастағы әйел көз жұмға.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 14.34 Жаңа Қаратон кентіндегі үйлердің бірінде алты адам уланып қалған. Болжам бойынша олар астан уланған.

18-ден 53 жас аралығындағы зардап шеккен азаматтардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың арасындағы 49 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны