20.02.2012, 16:28 3103

Атырау облысындағы кен орындарының бірінде 40 жұмысшы қар құрсауында қалып қойды

Жылыой ауданының прокуроры Алмаз Шеркешбаев хабарлағандай, Құлсары қаласында арнайы топ құрылып, адамдарға көмек үшін арнайы көлік жіберілді. Құтқару операциясы прокуратураның бақылауында.

Атырау. 20-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысындағы кен орындарының бірінде 40 жұмысшы қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысында кен орнында қар құрсауында қалған жекеменшік компанияларының бірінің 40 қызметкерлерін құтқару операция басталып кеткен.

Жылыой ауданының прокуроры Алмаз Шеркешбаев хабарлағандай, Құлсары қаласында арнайы топ құрылып, адамдарға көмек үшін арнайы көлік жіберілді. Құтқару операциясы прокуратураның бақылауында.

Атырау облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз хатшысы Самал Ибірованың ақпаратынша, қазіргі уақытта 14 мұнайшы "Трэкол" мүдірмейтін көлігі арқылы қауіпсіз орынға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны