24.02.2011, 13:39 3598

Атырау облысындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты

Атырау облысындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, төрт пәтер жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, төрт пәтер жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт Атырау облысы Мақат ауылындағы 8 пәтерлі екі қабатты үйде шыққан. Тілсіз жау 4 пәтерді толығымен шарпыған.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен жалынның қалған төрт пәтер аман қалған. Өрттің аумағы 134 шаршы метрді құрады. 20 адам, соның ішінде үш бала қауіпсіз жерге шығырылды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны