18.08.2010, 12:39 2846

Атырау облысындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір әйел мен екі бала қаза тапты

Атырау облысындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір әйел мен екі жас бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 -тамыз. Kazakhstan Today - Атырау облысындағы тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір әйел мен екі жас бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, кеше тамыздың 17-сі күні сағат 15.35-те Мақат кентіндегі Теміржолшылар көшесінде орналасқан 4 қабатты үйдегі бір пәтерде өрт шыққан. Оның аумағы 2 шаршы метр жерді құрады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт салдарынан газдан уланған үш адам ауруханаға жеткізіліп, олардың ішіндегі 2 және 4 жасар екі бала ауруханада көз жұмды.

Өрт сағат 16.30-да ҚР ТЖМ Атырау облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны