19.01.2012, 10:54 3361

Атырау облысындағы үйлердің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды

18 қаңтар күні сағат 06.26 Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласындағы 8 пәтерден тұратын 2 қабатты үйден өрт шыққан.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Атырау облысындағы үйлірдің бірінде өрт шығып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 қаңтар күні сағат 06.26 Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласындағы 8 пәтерден тұратын 2 қабатты үйден өрт шыққан.

Өрт сағат 08.06 сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысының ТЖД 6 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

Оқиға болған жерден 8 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өрт салдарынан оқиға орнында 72 жастағы әйел мен 8 жасар қыз бала қаза тапты. Сондай-ақ ақ күйік шалған 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны