19.06.2009, 10:13 1299

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күшті жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарының шатырын жұлып әкетті

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күшті жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарының шатырын жұлып әкетті

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күшті жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарының шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облысының Індер ауылында 18 маусымда сағат 08.00-де күшті шаң-тозаңды боран соқты, желдің жылдамдығы секундына 20 - 25, кей жерлерде 30 метрге жеткен. Соның салдарынан бес қабатты үш тұрғын үйдің, құрылыс бөлімінің төрт қабатты әкімшілік ғимаратының, 16 жер үйдің шатырлары жұлынып, электр және телефон байланысының желілері үзілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны