08.04.2013, 15:12 3464

Атырауда 15 жасар мектеп оқушысы басқарған автокөлік аударылып қалды

"Облыс орталығында автокөлік аударылып қалды, оның ішінде 8 жеткіншек болған, - деп әңгімелейді Г.Мұхтарова. - ЖКО нәтижесінде 2 жолаушы қыз зардап шекті. Екеуі де 1988 жылы туған. Рөлде 15 жасар мектеп оқушысы отырған. Анасының көлігін айдап кеткен ол басқаруын жоғалтып, нәтижесінде көлік ауарылып кетеді. Кейін белгілі болғандай, апатқа кінәлі болған жеткіншек ата-анасының жоқтығын пайдаланып, көлікте өз сыныптастарын қыдыртпақ болған".

Атырау. 8-сәуір. Kazakhstan Today - Атырауда 15 жасар мектеп оқушысы басқарған автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысы ІІД баспасөз қызметнің басшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлады.

"Облыс орталығында автокөлік аударылып қалды, оның ішінде 8 жеткіншек болған, - деп әңгімелейді Г.Мұхтарова. - ЖКО нәтижесінде 2 жолаушы қыз зардап шекті. Екеуі де 1988 жылы туған. Рөлде 15 жасар мектеп оқушысы отырған. Анасының көлігін айдап кеткен ол басқаруын жоғалтып, нәтижесінде көлік ауарылып кетеді. Кейін белгілі болғандай, апатқа кінәлі болған жеткіншек ата-анасының жоқтығын пайдаланып, көлікте өз сыныптастарын қыдыртпақ болған".

ЖКО әуежайға апарар жолда қараңғы түскен сәтте орын алған. Қазір зардап шеккен қыздардың бірі облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр, екіншісі хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

Апатты зерттеу жұмысымен полицияның алдын ала тергеу тобы айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны