10.02.2010, 10:03 1370

Атырауда "Қазпошта" филиалында болған оқыс оқиғаның салдарынан 120 адам эвакуацияланды

Атырауда "Қазпошта" филиалында болған оқыс оқиғаның салдарынан 120 адам эвакуацияланды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда "Қазпошта" филиалында болған оқыс оқиғаның салдарынан 120 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 12.55-те Баймұханов көшесінде орналасқан "Қазпошта" филиалының қызметкерінен екінші қабаттағы дәліз бен сатының маңайында тамақтың жыбырлауына алып келетін газ шыққаны туралы хабар келген".

Соның салдарынан "120 адам эвакуацияланды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Қазір Атырауда осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны