26.04.2011, 11:43 3227

Атырауда қонақ үйде болған өрт салдарынан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Атырауда қонақ үйде болған өрт салдарынан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атырау. 26 - сәуір. Kazakhstan Today - Атырауда қонақ үйде болған өрт салдарынан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт қабатты "РАШ" қонақ үйінің ғимараты өртеніп, 30 адам қаіпсіз жерге көшірілген.

"Дүйсенбі күні кешке ғимараттың төртінші қабатында өрт шыққан. Өрттің шығуы салдарынан 4-ші қабаттағы 14 бөлме және шатыр астындағы демалыс бөлмесі жанып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, өрт аумағы 372 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД-нің 40 қызметкері мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны