16.09.2009, 09:55 1314

Атырауда көпір қираған кезде қаза тапқан тағы бір адам табылды - ТЖМ

Атырауда көпір қираған кезде қаза тапқан тағы бір адам табылды - ТЖМ

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырауда көпір қираған кезде қаза тапқан тағы бір адам табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "15 қыркүйектегі сағат 17.00-дегі жағдаймен облыстық судан құтқару қызметі "Трансстроймост" АҚ-ның М. Мұханов есімді 34 жастағы жұмысшысының мәйітін судан шығарып алды".

"Іздестіру-құтқару және су асты жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің 32 адамы, 5 техникасы мен 2 катері және "Трансстроймост" АҚ-ның 70 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылған", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны