20.05.2011, 11:45 3022

Атырауда көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш адам зардап шекті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда 5 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізіліп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Астана. 20 - мамыр. Kazakhstan Today - Атырауда көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда 5 қабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 3 адам ауруханаға жеткізіліп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Оқиға кеше Центральный шағынауданында орын алған. Өрт 5 қабатты тұрын үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт салдарынан 50 жастағы азаматты күйік шалып, осы үйдің 3 тұрғыны көмірқышқыл газына уланып қалған. 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 12 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны