26.09.2011, 17:45 4298

Атырауда суға батып кеткен дағыстандық браконьерлердің кемелері шығарылды

Атырауда Жайық өзенінің түбінен алты кемені алып шығу жұмыстары аяқталды.

Атырау. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырауда суға батып кеткен дағыстандық браконьерлердің кемелері шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Атырауда Жайық өзенінің түбінен алты кемені алып шығу жұмыстары аяқталды.

Дағыстан браконьерлерінен тәркіленген кемелер белгісіз себептермен бірнеше жыл бұрын өзен айлағында суға батып кеткен болатын. Олар кеменің жүруіне, уылдырық шашу кезінде балықтардың өтуіне кедергі жасады, өзенді ластады.

Суға батқан кемелер сот орындаушыларының балансында болған. Алайда оны көтеріп шығару жөнінде шешім қабылданды.

"Мұндай күрделі жұмыстар аймақта бұрын-соңды атқарылмаған болатын, оның үстіе кемелер шөгіп балдыр тұнбаларымен ауырлап, 350 тоннадай болды. Біз астрахандықтардан көмек сұрадық, бірақ та олар бұл жұмыстарды атқаруға 2 млн.доллар сұрады", - деді "Атырау өзен айлағы" АҚ басқарма төрағасы Ербол Илжанов.

Мұндай қаржы жоқ. Сондықтан да өз күшімізбен шығару ұйғарылды. Облыс әкімінің көмегімен "Іскер групп", "Аджип ККО" және "Sarens" ЖШС компаниялары тартылды. Олардың ауыр салмақты үлкен жүктерді тиеу-түсіруде тәжірибелері мол. 750 тонна жүк көтеретін кран іске қосылды.

Су астында жатқан кемені сүңгуірлер балдыр тұнбаларынан тазартып, 15 тамызда жоғарыға шығарды. Бүгінде Жайық өзені түбінен барлық алты кеме шығарылды, енді олар кесіліп, металл сынықтарына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны