24.09.2009, 10:04 1453

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында шыққан өрттің аумағы шамамен 2 мың шаршы метрді құрады - ТЖМ

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында шыққан өрттің аумағы шамамен 2 мың шаршы метрді құрады - ТЖМ

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында шыққан өрттің аумағы шамамен 2 мың шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Атырау қаласындағы Говоров көшесінде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің №8 сорғылы механикалық тазарту цехында (мұнайұстағыш) 23 қыркүйекте сағат 15.20-да құбырды монтаждау жұмыстары кезінде мұнай шламы жанды.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт салдарынан төрт жұмысшы зардап шекті: 30 жастағы технологиялық сорғылардың машинисі ауруханада қайтыс болды; 51 жастағы слесарь мен 54 жастағы дәнекерлеуші ауруханаға жатқызылды; 27 жастағы оператор жігітке дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

1950 шаршы метр аумақтағы өртті Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 37 адамы мен 11 техникасы сағат 17.12-де сөндірді.

Өрт шыққан жерде оқиғаның себебін анықтау үшін анықтаушылар тобы жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны