22.02.2012, 15:35 3064

Атырауды мас жүргізуші жол бойында тұрған көліктерді соғып кетіп, екі адам мерт болды

Көлік апаты Сырым Датов көшесінде орын алған. "ВАЗ-21013" маркалы көліктің жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, доңғалағын ауыстыру үшін жол шетінде тоқтап тұрған "Тойота-Камри" маркалы көлікті соғып өтті. Көліктің жанында тұрған жүргізуші мен екі жолаушы қатты соққыдан алысқа ұшып түскен. Екі адам алған жарақаттан көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Атырау. 22-ақпан. Kazakhstan Today - Атырауды мас жүргізуші жол бойында тұрған көліктерді соғып кетіп, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көлік апатының салдарынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды, бір адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Көлік апаты Сырым Датов көшесінде орын алған. "ВАЗ-21013" маркалы көліктің жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, доңғалағын ауыстыру үшін жол шетінде тоқтап тұрған "Тойота-Камри" маркалы көлікті соғып өтті. Көліктің жанында тұрған жүргізуші мен екі жолаушы қатты соққыдан алысқа ұшып түскен. Екі адам алған жарақаттан көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

"Көлік апатына кінәлі адам қашып кетті. Дегенмен аз уақыт ішінде жол полициясы басқармасының қызметкерлері көліктің нөмірін анықтап, оны қолға түсірді. Ол Атырау қаласының 28 жасар тұрғыны екен. Бір жыл бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізу куәлігінен айырылған. Сараптама нәтижесі оның көлікті соққан кезде де мас болғанын анықтады", - деді облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Екі адамның өмірін қиып, бір адамды ауыр жарақаттаған жол-көлік апаты бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны