31.10.2011, 13:21 6997

Атыраудың орталығында екі жарылыс орын алды

Бүгін, 2011 жылдың 31 қазанында жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 8.45-те Атырау қаласы Құлманов көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан қоқыс багінде белгісіз жарылғыш құрылғы іске қосылды.

Астана. 31-қазан. Kazakhstan Today - Атыраудың орталығында екі жарылыс орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми сайты Атырау облысы прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Хабарламада көрсетілгендей, бүгін, 2011 жылдың 31 қазанында жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 8.45-те Атырау қаласы Құлманов көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан қоқыс багінде белгісіз жарылғыш құрылғы іске қосылды.

Жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 9.50-де Сарыарқа ауданында №30 үйдің жанындағы бос жерде белгісіз ер адам анықталмаған жарылғыш құрылғымен өзін өзі жарып жіберіп, оқиға орнында қаза тапты, жақын жердегі үйлердің кейбірінің әйнектері қирады.

Өзге құрбан болғандар мен қирандылар жоқ.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, шұғыл тергеу тобы құрылды, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны