16.03.2012, 12:37 3222

"Атырау-Кеңқияқ" мұнай құбырының 176-шақырымында үш күзетшінің мәйіттері табылды

Бүгін Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз кентінен 35 шақырым жерде, "Атырау-Кеңқияқ" мұнай құбырының 176-шақырымында тұруға бейімделген вагон өртенді.

Астана. 16-наурыз. Kazakhstan Today - "Атырау-Кеңқияқ" мұнай құбырының 176-шақырымында үш күзетшінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Сағыз кентінен 35 шақырым жерде, "Атырау-Кеңқияқ" мұнай құбырының 176-шақырымында тұруға бейімделген вагон өртенді.

Өрт өздігінен сөнген. Оқиға орнынан "Семсер" ЖШС бөлімшесінің 1967, 1980 және 1992 жылғы үш күзетшісінің мәйіттері табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны