22.01.2021, 17:52 53414

Атырауда кәсіпкер тегін медициналық қызмет көрсетуге бөлінген 16,8 млн теңгені ұрлады

Компания басшысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Атырау. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (ҚМК) Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша Атырау қаласындағы екі кәсіпорынның директорына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен ол жоғарыда аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, жеті жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады ҚМК-де.

 
Ведомствоның мәліметінше, компания басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, "Денсаулық" - "Тегін медициналық қызмет көрсету" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ бөлген 16,8 млн теңгеден астам сомаға бюджеттік ақша қаражатын жымқырған.
 

Залал Атырау облыстық сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Залал өтелмегендіктен, күдікті адамның мүлкіне тыйым салынды", - деп атап өтті комитетте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны