29.04.2008, 16:49 3174

Ауған-тәжікстан шекарасында контрабандалық 23 келі есірткі затының тасымалына тосқауыл қойылды

Ауған-тәжікстан шекарасында контрабандалық 23 келі есірткі затының тасымалына тосқауыл қойылды

Хорог. 29 сәуір."Қазақстан Бүгін" - Шұғнан ауданының Пиш мекенінде 28 сәуірге қараған түні контрабандалық 23 келі есірткі затының тасымалына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды агенттік Тәжікстанның "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат қызметі басқармасының қызметкері Мизроб Доробов хабарлағанындай,Таулы-Бадахшан автономиялық облысының ішкі істер басқармасы қызметкерлері өткізген шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде контранбандалық іс әрекетке тосқауыл қойылды. Операция барысында ауған-тәжік шекарасын бұзғандар мен аймақтық милиция қызметкерлері арасында атыс болды. Шекараны бұзғандар Пянжі өзенінен өтіп, жағалаудың басқа аймағында іздерін суытып үлгерді.

"Қақтығыс болған жерде 26 келі есірткі заты салынған екі полиэтилен дорба табылды. Зерттеу қорытындылары бойынша, есірткі затының 7 келі 380 граммы - героин, 18 келі 700 келісі - үнді кендірі болып шықты", -деп хабарлады ІІБ.

"Контробандалық есірткі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды", - деді М. Доробов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны