Система Orphus

Автокран каналға құлады

28.04.2016, 17:45 5696

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Ивановец" маркасындағы автокран бұрынғы химзауыт маӊындағы Жылы каналға құлады. Каналға салынған көпір жабыныныӊ ескі плиталары өтіп бара жатқан көптонналы техниканыӊ салмағын көтере алмаған сияқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"АЖ"-ға қалалық ТЖ департаментініӊ бастығы Михаил ХАГАЙ былай деп хабарлады:

- Оқиға туралы дабыл ТЖД пультіне ІІД қызметкерлерінен сағат 09.25-те келіп түсті. Автокранныӊ түскен жерін құтқарушылар тексеріп шықты - каналдан жүргізушініӊ денесі табылмады. Бұл жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған деп болжауға негіз болады. Көлік нөміріне сүйенсек, автокран жеке компанияға тиесілі, қазір оныӊ қай компанияға тиесілі екені анықталуда.

Бір қызығы, Жылы және Салқын каналдар арқылы салынған көпірлерде 6 тоннадан артық салмақтағы автокөліктіӊ өтуіне тыйым салынған белгі, сондай-ақ УГ 157/9 түзету мекемесініӊ қызметкерлері орнатқан опырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту маӊдайшасы тұр. Ал "Иванец" маркалы автокранныӊ салмағы - 25 тонна, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны