12.04.2024, 10:14 33771
Қазақстандағы су тасқыны: сегіз аймақта ТЖ режимі жалғасуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
8 өңірде төтенше жағдай режимі жалғасуда. 3,5 мыңға жуық жекеменшік үй су астында қалды. 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Күштер мен техниканың қосымша топтары жасақталды. Қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсету үшін оңтүстік өңірлерден әскери қызметшілер жұмылдырылды. Сонымен қатар бірқатар облыстарда келтірілген залалды есептеу бойынша өңірлік комиссиялар жұмыс істеуде.
Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев атап өткендей, тиісті комиссиялар жұмысы аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерді жөндеуге және салуға өтемақы төлей бастайды.
Су тасқынынан зардап шеккендердің басқа да мүлкі мен мал шығынын өтеу мәселелері жақын арада шешімін табады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2024, 09:36 5126
Атырау облысында жүздеген тонна шөп өртенді
Достарға айту
Атырау облысында жүздеген тонна шөп өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Атырау облысының өрт сөндірушілері жиналған шөпті сөндіруде. Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөптің өртенуі орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды", деп көрсетілген хабарламада.
Өрттің себебі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 13:30 25171
Қазақстандағы су тасқыны: эвакуация пункттерінде 8,5 мыңнан астам адам қалады
Достарға айту
Азаматтық қорғау қызметтерімен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Су басқан саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда. Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
Көмекке келген Ақтөбе, Түркістан облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамынан құрылған жиынтық топтардың күштері мен құралдары Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысынан Атырау облысына жіберілді.
Атырау облысында Жайық өзенінің мониторингі жалғасуда, судың деңгейі көтерілгені байқалады. Су тасқынынан қорғау мақсатында Атырау қаласында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда ұзындығы 240 км қорғаныс бөгеттерін нығайту жүргізілді. Бұған дейін көмекке келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, қажетті жұмыстарды атқаруда.
Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйлеріне оралды. 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 12:56 34611
Атырау облысының өзендеріндегі су деңгейі артып келеді
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Атырау облысының өзендеріндегі су деңгейі артып келеді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес өткен тәулікте 2024 жылғы 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
Жайық өзені - Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 604 см., деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см құрайды.
Жайық өзені - Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см., тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 404 см құрайды.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.
📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.04.2024, 11:02 35591
Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған болатын.
Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды ұсынады!!!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.04.2024, 10:59 42916
Су басқан аймақтардағы үйлеріне қайтқан азаматтардың саны 31 мыңнан асып жығылады
8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде
Достарға айту
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысында Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда.
Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.
5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түсті.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.04.2024, 17:50 53071
Оралды тасқыннан қорғау шараларына еліміздің басқа өңірлерінен тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылады
Достарға айту
21 сәуір күні таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метрді құраған. Өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жеткен. Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кетті.
Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.
БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырымды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.04.2024, 15:39 53756
ТЖМ Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеме жасады
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар, азаматтарды құлақтандыру, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Азаматтық қорғау қызметтері, волонтерлер және тартылған ұйымдар Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жалғасуда. Өңірлерден ТЖ министрлігінің қосымша күштері мен құралдары тартылуда. Келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, жұмысқа кірісті.
Өткен тәулікте Орал қаласының "Стеновик" бау-бақша қоғамынан 4 адам құтқарылып, 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала эвакуацияланған болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пункттерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжай үйлерде қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру мақсатында аралау жалғасуда.
Осы сағатта 23 085 адам өз үйлеріне оралды. 8 872 адам, оның ішінде 3 852 бала эвакуациялау пункттерінде.
4 554 тұрғын үй мен 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,4 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында 5 842 жеке тұрғын үй мен 1 061 аула аумағынан судың бағытын бұру және су сору жұмыстары жалғасуда.
Су жүрген 32 автожол, су шайған 56 автожол, оның ішінде 9 көпір және 45 жол төсемі бақылауда қалуда. 32 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.
Жедел желі телефонына 2 132 қоңырау түсті.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 33 852 адам, 4 973 техника, 874 су сору құралы, 389 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.04.2024, 18:32 70106
Павлодарда полицейлер суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды
Достарға айту
Павлодар облысында тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне Жамбыл ауылында жанжал болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Көрсетілген мекенжайға жеткен полицейлер үйден балаларды көрген. Олар аналарының Ертіс өзеніне кеткенін айтқан.
Өзенге бет алған полицейлер суға батып бара жатқан әйелді байқады. Полиция капитаны Елдос Қойкен дереу суға секіріп, оны құтқарды. Ауыл тұрғыны мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.04.2024, 10:23Қаржылық мониторинг агенттігінде IT-құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстармен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды 29.04.2024, 13:59 16391Қазақстанда тасқын су алқаптарды суару үшін пайдаланылатын болады29.04.2024, 16:49 14056Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды29.04.2024, 16:54 13356Мемлекетке 40 млрд теңге көлемінде заңсыз активтер қайтарылды29.04.2024, 17:10 12971Бейжің қаласына рейстер саны артуда
24.04.2024, 18:17 154791Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153071Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150031Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128066Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі25.04.2024, 18:14 119561Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
24.04.2024, 18:17 154791Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 153071Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 150031Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады25.04.2024, 12:37 128066Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі04.04.2024, 16:35 122221Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды