23.04.2021, 22:24 46599

Қазақстандық тұрғын үй компаниясы төрағасының бұрынғы орынбасарына сыбайлас жемқорлық үшін 72 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. 23 СӘУІР - Нұр-Cұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотымен "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары жемқорлық үшін 72 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотымен "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.А. Өсербаев отыз еселенген пара сомасы - 72 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, ол 2021 жылғы 17 ақпанда "ФН Менеджмент" ЖШС директоры А.С. Тәжібаевтан мүлікті басқару жөніндегі ұйымның қызмет көрсету туралы шарты аясында орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінді.
 

Сол үкіммен "ФН Менеджмент" ЖШС директоры А.С. Тәжібаев 48 млн теңге айыппұлға сотталды", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны