27.07.2006, 17:11 20828

Байқоңыр ғарыш айлағынан бастау алған "Днепр" зымыран тасығышы ұшырылған орнынан 189 шықырым жерге құлады төтенше жағдайлар Министрлігі

АСТАНА. 27 шілде. Kazakhstan Today. Ғарыш орбитасына 18 жер серігі мен белорустың алғашқы "БелКа" жер серігін алып шығуы тиіс болған "Днепр" зымыран тасығышы ұшырылған нүктесінен 189,6 шықырым жерге құлады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар Министрлігі.

"27 шілде күні 1 сағат 43 минута "Байқоңыр" ғарыш айлағынан РС-20 зымыраны бірнеше ғарыш аппаратымен "Днепр" зымыран-тасығышы ұшырылды. Ұшудың 73 секундында зымыран ұшу орнынан 189,6 шықырымына, "Тағай" қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым жерге құлады деп хабарлайды төтенше жағдайлар Министрлігі.

Изірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Зымыран құлаған орынға төтенше жағдайлар Министрлігінің 35 адамынан тұратын жедел топ және 6 техника жөнелтілді. "Роскосмос" ғарыш орталығының алдын ала ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бірінші баспалдақтағы двигателі межеленген 10 секундта іске қосылмай, штаттан тыс жағдай қалыптасқан, салдарынан екінші баспалдақтағы двигателі іске қосылмады. Қазіргі кезде телеметриялық ақпаратқа анализ жасалуда. Оқиға салдары тексеріліп жатыр деп мәлімдеді, Федералды ғарыш агенттігі бастығының орынбасары Юрий Носенко.

Осыған дейін хабарланғандай, Байқоңырға зымыранның ұшырылу сәтін тамашалауға Белорусия президенті Александр Лукашенко келген болатын. "Қазір белорус лидері Минскіге ұшып кетті", - деп хабарлайды Федералды ғарыш орталығының баспасөз-қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны