28.01.2011, 13:51 4431

Байқоңырдан "Прогресс М-09М" жүк кемесі ұшырылды

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Прогресс М-09М" жүк кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - қаңтар. Kazakhstan Today - "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Прогресс М-09М" жүк кемесі ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "бүгін таңертең астана уақыты бойынша сағат 07.32-де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Союз-У" зымырантасымалдағышының күшімен "Прогресс М-09М" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына аттандырылды. Зымыранның ұшу сапары штаттық режімде өтті",- деп хабарлады ведомстводан.

Кемені ұшырғаннан кейін болуы ықтимал салдарларды жою үшін, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері сағат 05.32 мен 08.32-нің аралығында күшейтілген режімде жұмыс істеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны