05.02.2007, 17:13 3125

"Бақты" кеден бөлімінің бұрынғы бастығы сегіз жылға бас бостандығынан айрылды

ӨСКЕМЕН. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында "Бақты" кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бұрынғы бастығы мүлкі тәркіленіп, сегіз жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бақты" кеденінің рәсімдеу бөлімінің бұрынғы бастығы Беріков Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағының "а", "в", "г", тармақшаларында, 209-бабының 3-тармағының "а", тармақшасында, 177-бабының 3-тармағының "б" тармақшасында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Барлық қылмыстар жиынтығы бойынша сот мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерізімде мемлекеттік қызметте қандай да бір қызмет атқару құқығынан айырумен, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өткеруді белгіледі"- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, облыстық прокуратура мәліметтеріне сүйенсек, Беріков бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін және алаяқтығы үшін сотталған. Яғни, баспасөз қызметің хабарлауынша, сотталған азамат тауарларды кедендік рәсімдеуге деп берілген ақшаны алдау жолымен ұрлаған.

Прокуратура Беріковтың 6,5 АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде ұсталғандығын хабарлады. Пәтеріне жүргізілген тінту барысында, парадан басқа, 614 700 АҚШ доллары мен 710 500 теңге табылған. Қылмыстық істі тергеу барысында, Беріков ұзақ уақыт бойы "Бақты" кедендік өткізу пунктінде сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардан Қытайдан Қазақстанға әкелінген тауарларын кедергісіз және кедендік тексерусіз өтікізгендігі үшін заңсыз ақша жинаумен айналысқандығы анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны