Система Orphus

Бакуде мұнай академиясында болған атыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 10 адам жараланды - Денсаулық сақтау министрлігі

30.04.2009, 16:00 3827

Баку. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде Изербайжан мемлекеттік мұнай академиясында болған атыс салдарынан 13 адам қаза тауып, 10 адам жараланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі осы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 9.30 шамасында жоғары оқу орнының екінші корпусында болған. Атысты ашқан адам оңды-солды оқ жаудырған. Қаза тапқандардың арасында студенттер де, оқытушылар да бар.

ANS телеарнасының мәліметінше, оқ атқан - әзербайжан текті Грузия азаматы - Надир Ширханоглу. Жоғары оқу орнына кірген кезде Н. Ширханоглу күзетшіні және тазалаушыларды атып өлтірген. Оның қолынан құрбан болғандардың арасында кафедра меңгерушісі, оқытушылар, студенттер бар, олардың екеуі - шетел азаматтары.

Оқ атқан адам атылып өлді.

Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Бұл жерде құқық қорғау органдары мен дәрігерлер жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны