30.04.2009, 13:49 3210

Бакуде Изербайжан мемлекеттік мұнай академиясында болған атыс салдарынан алдын-ала мәліметке сәйкес 7 адам қаза тапты

Бакуде Изербайжан мемлекеттік мұнай академиясында болған атыс салдарынан алдын-ала мәліметке сәйкес 7 адам қаза тапты

Баку. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бакуде Изербайжан мемлекеттік мұнай академиясында болған атыс салдарынан алдын-ала мәліметке сәйкес 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен сағат 9.30 шамасында жоғары оқу орнының екінші корпусында болған. Атысты ашқан адам оңды-солды оқ жаудырған. Қаза тапқандардың арасында студенттер де, оқытушылар да бар.

Оқиға құрбандарының саны нақтылану үстінде. Алдын-ала мәліметке сәйкес 7 адам қаза тапқан, 10 астам адам жараланған. Оқ атқан адам атылып өлді.

Қазір оқиға орны қоршауға алынған. Бұл жерде құқық қорғау органдары мен дәрігерлер жұмыс істеуде. Оқу орнына Изербайжан ішкі істер министрі Рамиль Усубов пен бас рокурор Закир Гаралов келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны