18.10.2021, 17:24 35078

Балқаш маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады

Зардап шеккендер жоқ.
АЛМАТЫ. 18 ҚАЗАН - Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында чартерлік ұшақ аударылып қалды.
 

17 қазан күні сағат 11:15-те Cessna 182 чартерлік әуе кемесінің командирінен ұшақтың төңкеріліп кеткені туралы хабар келіп түсті. Әуе кемесінде 2 адам болған. Бірі экипаж мүшесі, екіншісі жолаушы. Зардап шеккендер жоқ", - деді ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

 
Оның айтуынша, ұшақ апаты Алматы облысының аумағында Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында болған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны