31.05.2016, 10:46 13397

Бас прокуратура: Қазақстанда туберкулезді емдеуде бұзушылықтар анықталды

Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердіӊ туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруы жайына тексеріс жүргізді

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Прокуратура органдары медициналық ұйымдар мен мекемелердіӊ туберкулез профилактикасы бойынша шараларды іске асыруы жайына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы тексеру нәтижесінде, туберкулез ауыруына шалдығу күдігі бар адамдардыӊ тексерілуі уақтылы жүргізілмеген, толық тексерілмеген және т.б. 1028 дерек анықталды. Көрсетілген факторлар сау адамдарға тікелей қауіп төндіреді", - деп түсіндірді ведомствода, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Бас прокуратураныӊ мәліметше, тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды, олар статистика ақпаратын бұрмалау, профилактикалық іс-шаралардыӊ тиісті деӊгейде ұйымдастырылмауы, сапасыз дәрігерлік қызмет көрсету, науқастарды мәжбүрлеп емдеу шараларын қамтамасыз етпеу және т.б.

Мысалға, Талғар ауданыныӊ (Алматы облысы) орталық емханасында тексеру күні 78 емделушініӊ флюорографиясы оӊ нәтиже көрсеткенімен, толықтай тексерілмегені анықталды.

Иулиекөл ауданыныӊ (Қостанай облысы) орталық емханасына туберкулезге тексеруі қажет ауру белгілерімен аз."О" бес айы бойы бірнеше рет қаралуға келген (2015 жылғы 28 мамыр, 8 тамыз және 14 қазан).

"Соған қарамастан, дәрігерлер ауруға сақтықпен қарамаған, нәтижесінде 22 қазанда ол туберкулезге қарсы ауруханаға жатқызылып, 4 қүннен кейін туберкулез ауруыныӊ асқынуынан жан тапсырған.

Аталған факті бойынша сот алдындағы тергеу шаралары жүргізуде", - делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде емделуден бас тартып, оӊашалауды қажет ететін, елді мекендерде жүріп басқа адамдарға ауруын жұқтыру қаупін төндіріп жүрген 327 науқас анықталды. Қолданылған шаралармен 259 науқас емделуге қайтарылды, қалғандары іздестірілуде.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заӊ бұзушылықты және оныӊ себептерін жою туралы енгізілген ұсынысты қарау нәтижесінде профилактикалық жұмыстағы немқұрайдылықты болдырмай, халықтыӊ денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдануда, деп атап өтті Бас прокуратура.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны