21.05.2010, 10:31 2971

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер жаппай қырылу оқиғасы байқалды - ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер жаппай қырылу оқиғасы байқалды - ТЖМ

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ақбөкендер жаппай қырылу оқиғасы байқалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 11.20-да Жақсыбай ауылдық округінің Айдарлы, Жұмаш; Борсы ауылдық округінің Вышка, Қайдар, Шалаш пункттерінен ақбөкендердің Оралдық популяциясының басым бөлігі шоғырланған Жәнібек ауданының аумағында ақбөкендердің жаппай қырылу оқиғасы байқалды деген хабар келген".

ТЖМ хабарламасына сәйкес, "орман және аң шаруашылығы инспекторлары ақбөкендер жаппай шоғырланған жерлерді аралап шыққан кезде 200 бас ұрғашы ақбөкеннің шығынға ұшырағаны анықталған".

Ал үй жануарларының ауыру немесе қырылу оқиғалары байқалмаған, болған оқиғаның себебін анықтау жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны