20.04.2011, 11:44 3711

Батыс Қазақстан облысында балық аулап жүрген бір ер адам суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында балық аулап жүрген бір ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында балық аулап жүрген бір ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында балық аулау кезінде бір ер адам суға батып кеткен .

Оқиға 19 сәуір күні кешке Қазталов ауданына қарасты Кіндіксай көлінде орын алған. "Балық аулау кезінде қайықтан құлап кеткен 1964 жылы туған жігіт суға батып кетті", - делінген хабарламада.

Қаза тапқан адамның денесін судан ауыл тұрғындары 20 минуттан кейін алып шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, 6-сәуір күні Қостанай облысында Тобыл өзеніне балық аулап жүрген 80 жастағы қарт суға батып кеткен болатын.

Фото: rybak.ucoz.com.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны