28.09.2006, 10:16 2587

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының әкімі жол апатынан зардап шекті

ОРАЛ. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының әкімі Сағынбек Мұташев жол апатынан зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық жол полициясы басқармасынан хабарлады.

Полицияның ақпаратына сәйкес, Орал қаласы әкімінің автокөлігі 83 жастағы зейнеткер айдаған "Фольксваген-Гольф" автокөлігімен соғысып қалды.

Апат салдарынан Орал қаласының әкімінің кеудесі, жүрегі мен бүйрегіне зақым келіп, басынан жарақаттанды. "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі де түрлі жарақаттар алды. Ал әкімнің жұмыс көлігін айдайтын жүргізуші аман қалған.

Полицияның ақпаратына сәйкес, жол апатына "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі себепкер, ол бұрылыста көлігін басқара алмай қалған.

Зардап шеккен екі адам да облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны