28.05.2008, 19:31 2889

Батыс Қазақстан облысында өз қызын жүйелі түрде соққыға жығып отырған әкеге айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында өз қызын жүйелі түрде соққыға жығып отырған әкеге айыппұл салынды

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында өз қызын жүйелі түрде соққыға жығып отырған әкеге 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданының прокуратурасы тексеру барысында 1992 жылы туылған өз қызын үнемі соққыға жығып отырған А. Мельничукке қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы аудандық ішкі істер органының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектордың қаулысының күшін жойған.

"Прокуратура ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, әжесінің қолында өсіп келе жатқан қыздың мүддесіне орай кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына қасақана жеңіл залал келтіру белгілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бөрілі ауданының соты А. Мельничукты айыпты деп тауып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түрінде жаза белгіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны