13.05.2010, 10:04 1314

Батыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі баланың мәйіті судан шығарылды

Батыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі баланың мәйіті судан шығарылды

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екі баланың мәйіті судан шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 мамырда сағат 10.30-да Батыс Қазақстан облысының Жаңғала ауданы Мәштексай кентінде Қараөзен өзеніне 2000 және 1997 жылы туған екі бала батып кетті. Олардың мәйіттерін 12 мамырда судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Сондай-ақ, кеше сағат 10.05-те Атырауда судан құтқару қызметтерінің күшімен 11 мамырда суға батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті судан шығарып алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны