30.12.2013, 15:51 29565

Батыс Қазақстан облысында жоғары кернеулі электр желілеріндегі апат салдарынан 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды

Батыс Қазақстан облысының 7 ауданында ауа температурасының төмендеуі және ауадағы ылғалдылықтың жоғарылауы салдарынан ВЛ-110 кВ, ВЛ-35 кВ мұзданып, зақымданды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. Батыс Қазақстан облысының 7 ауданында ауа температурасының төмендеуі және ауадағы ылғалдылықтың жоғарылауы салдарынан ВЛ-110 кВ, ВЛ-35 кВ мұзданып, зақымданды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Апаттың салдарынан 31 елді мекен электр жарығынсыз қалды: Қазталов ауданында - 14 елді мекен (5800 абонент) мен Жалпақтал орталық аудандық ауруханасы, Зеленов ауданында - 2 елді мекен (100 абонент), Жанғали ауданында - 6 елді мекен (1880 абонент), Бөкейорда ауданында - 3 елді мекен (900 абонент), Ақжайық ауданында 2 елді мекен (300 абонент), Тасқала ауданында - 2 елді мекен (140 абонент) мен орталық аудандық аурухана, Жәнібек ауданында - 3 елді мекен (2285 абонент), Сырым ауданында - 2 елді мекен (235 абонент). Барлығы абоненттер саны - 11640. Апатты жоюға "ЗапКазРЭК" АҚ апаттық-қалпына келтіру бригадасы, "Жайықтеплоэнерго" АҚ, ҚР ТЖМ БҚО ТЖД және жергілікті халықтан 247 адам жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны