07.09.2009, 09:23 1562

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тұрғын үйге жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тұрғын үйге жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық Ішкі істер департаментіне бір бес қабатты тұрғын үй ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 6 қыркүйекте сағат 22.33-те ІІД кезекші пультіне Коммунальная көшесіндегі 27/1 үйдің бір пәтерінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті.

105 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны