24.12.2008, 09:56 1622

Батыс Қазақстан облысының Ұзынкөл ауылында малдың қырылуына байланысты жарияланған карантин алынды

Батыс Қазақстан облысының Ұзынкөл ауылында малдың қырылуына байланысты жарияланған карантин алынды

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының Ұзынкөл ауылында ірі қара малдың қырылуына байланысты жарияланған карантин алынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 желтоқсандағы сағат 17.00-дегі жағдаймен Ұзынкөл ауылында ірі қара малға вакцина егу іс-шаралары тоқтатылды, БҚО Жәнібек ауданы әкімінің қаулысының негізінде карантин 22 желтоқсаннан бастап алынды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында БҚО Жәнібек ауданы әкімінің қаулысы бойынша ірі қара малдың эмкар дертіне шалдығып қырылуына (12 бас мал өлген) байланысты карантин жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны