25.04.2012, 12:40 3464

Батыс Қазақстанда зейнеткерге қасқыр шапты

"Қасқырдың басы оның құтырумен ауырған-ауырмағанын анықтау үшін сараптама жасауға жіберілді. Зардап шеккен қарт аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ", - деп жазады ақпарат агенттігі.

Орал. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысы Енесей ауылында қасқыр адамға шапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ауладан арсылдаған дауыс естіген зейнеткер Жагор Иманғалиев үйден шығып, есіктің алдындағы қасқырды бөтен ит деп ойлап қалған. Ештеңені сезбеген қарт оны қуып жібермек болыпты. Алдымен артқа бір қадам шегінген қасқыр қарсы тұрған адамға бірақ атылып, оң қолынан шап берген. Қасқырмен арпалысқан шал қолын жыртқыштың апанына әрең босатып алып, айқайлаған дауысқа атып шыққан көршісі баса-көктеп келген аңды мылтықпен атып салды.

"Қасқырдың басы оның құтырумен ауырған-ауырмағанын анықтау үшін сараптама жасауға жіберілді. Зардап шеккен қарт аудандық ауруханаға жатқызылды. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ", - деп жазады ақпарат агеніттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны