26.10.2011, 11:17 4439

Батыс Қазақстанда жергілікті тұрғын артиллериялық снаряд тауып алды

Батыс Қазақстан облысының Чесноково ауылында Деркөл өзенінің жағасынан снарядқа ұқсас зат табылған. Кейін оның артиллериялық снаряд екені анықталған.

Астана. 26-қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстанда жергілікті тұрғын артиллериялық снаряд тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының Чесноково ауылында Деркөл өзенінің жағасынан снарядқа ұқсас зат табылған.

Кейін оның артиллериялық снаряд екені анықталды (76 мм калибрлі, ұзындығы 320 мм). Жарылғыш зат тәркіленіп, жарып жіберу арқылы көзі құртылды.

ТЖ-ны жоюға шұғыл әрекет ету қызметтері, соның ішінде: жеке құрылымның екі қызметкері мен ҚР ТЖМ БҚО ТЖД-нің 1 техникасы қатыстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны