09.08.2016, 19:47 13772

Батыста жарылыстан зардап шеккен жүргізуші көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май бекетінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен көлік жүргізушісі қайтыс болды. Ал екіншісініӊ, яғни бекет қызметкерініӊ жағдайы әлі де ауыр

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май бекетінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен көлік жүргізушісі қайтыс болды. Ал екіншісініӊ, яғни бекет қызметкерініӊ жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

58 жастағы Василий Мищенко кеше кешкілік жантәсілім етті. Дәрігерлердіӊ айтуынша, оныӊ денесініӊ 75 пайызы күйіп қалған. Ал екінші зардап шеккен азаматтыӊ денесініӊ 95 пайызы отқа оранған екен. Қазір ол арнайы аппарат арқылы дем алуда. Дәрігерлер оныӊ өмірі үшін күресіп жатырмыз дегенмен, әдетте адам денесініӊ 50 пайыздан астамы күйіп қалса, өкінішке қарай тірі қалуы екіталай деп отыр. Оқыс оқиға 4 тамыз күні Ақсай қаласынан шыға берісте болды. Иуелі бекеттегі қызметкерлер бөлмесі өртеніп, іле-шала сұйық отын құйылған екі цистерна жарылған, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны