14.01.2021, 21:52 17760

Батыс Қазақстанда күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

Зардап шеккендер жоқ.
Орал. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қаңтар күні сағат 14.40-та Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылында болды.

Екпіні секундына 22 метрге дейін жеткен қатты жел салдарынан орта мектеп ғимаратының шатыры сыпырылып түсті. Оның аумағы 1266,8 шаршы метрді қамтыды.

Ғимараттың жалпы ауданы - 1778 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Ақпарат көзі: inform.kz  
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны