23.07.2013, 15:04 22139

Баутино портында төтенше жағдай орын алды

Маңғыстау облысындағы Баутино портында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

Астана. 23-шілде. Kazakhstan Today - Баутино портында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Маңғыстау облысындағы Баутино портында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

"2013 жылғы 22 шілдеде Астана уақытымен сағат 12.00-де Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2201 "Б" әскери бөлімінің "Баутино" портында кіші жүзу кемесін тоқтамаға көтеру барысында трос үзілген. Кіші жүзу кемесінің құлауы нәтижесінде келісім-шарт бойынша әскери қызметшілер Ш.К.Шахапов, А.Н.Түленбаев және "Уральский завод Зенит" АҚ-ның өкілі А.А.Корабейников әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған", - делінген ақпаратта.

Олар Түпқараған аудандық ауруханасына жеткізілген. Алынған дене жарақаттарының салдарынан азамат А.А. Корабейников көз жұмған.

Осы оқиға бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау гарнизоны бойынша Искери полиция басқармасы тексеру жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны