04.10.2006, 19:09 3087

Бегенев орман шаруашылығындағы өрт салдарынан 5 адам қаза тапты, алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 300 млн. теңгені құрады

Бегенев орман шаруашылығындағы өрт салдарынан 5 адам қаза тапты, алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 300 млн. теңгені құрады

Өскемен. 4-қазан. Kazakhstan Today. Бегенев орман шаруашылығындағы өрт салдарынан 5 адам қаза тапты, алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 300 млн. теңгені құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өрт 12 сағат 20 минутта шоғырландырылды. Өрт салдарынан 5 адам қаза тапты. Бегенев орман шаруашылығы тұрғындарының шеккен материалдық шығын көлемі қазір нақтылануда, алдын-ала есеп бойынша шығын көлемі 300 млн. теңгені құрады.

400-дей тұрғын орман шаруашылығынан 3 шақырым жердегі Беген ауылына көшірілді. Адамдардың басым бөлігі орта мектеп ғимараты мен ауылдық әкімшілік ғимаратында орналастырылды.Сонымен бірге Беген ауылы маңында оларға арналып шатырлар тігіліп, тағаммен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды. 10 шатырда пеш орнатылды.

Беген ауылында Бесқарағай ауданы әкімінің басшылығымен штаб жұмыс істеуде, ол зардап шеккендерге жылы заттар мен азық-түлік жеткізу жұмыстарымен шұғылдануда.

Оқыс оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Виктор Храпунов келіп жетті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, далалық өрт кеше күндіз Бегенев орман шаруашылығында Қошқарағай учаскесінеде шыққан. Алайда, тілсіз жау қатты желдің салдарынан үш бағытта, орманға қарай да жайылып кетті. Кешке қарай өрт Беген орман шаруашылығына қарай ауыз салды. Бегенев орман шаруашылығында жай үйлер мен шаруашылық жайлары өртену оқиғасы 19 сағат 45 минутта тіркелген. Қатты желден өрт үлкен жылдамдықпен таралып, ауылды жаппай шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің алдын-ала ақпаратына сәйкес 121 үйдің 92-сі, екі әкімшілік ғимарат пен 600 шаруашылық жайы жанып кеткен. Осындағы 110 түтінде барлығы 570 адам бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны