28.12.2010, 13:47 2741

Белгісіз біреу ШҚО ауыл әкімшілігінің алдында тұрған көлікке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған

Белгісіз біреу ШҚО Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының әкімшілігінің алдында тұрған көлікке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 28 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Белгісіз біреу ШҚО Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының әкімшілігінің алдында тұрған көлікке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 27 желтоқсан күні сағат 10.20 Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылы әкімдігінің алдында тұрған "Тойота" көлігіне жарылғаш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жедел әрекет ету қызметінің 17 маманы мен 7 техникасы, атап айтқада ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 маманы мен 2 техникасы жіберілген. Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, деп хабарлады ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны