03.06.2008, 16:43 3086

Бес кеншіні тірі табу үміті жойылды - ҚР ТЖМ

Бес кеншіні тірі табу үміті жойылды - ҚР ТЖМ

Қарағанды. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін бес кеншіні тірі табу үміті бізде енді жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бес кеншіні тірі табу сенімінен біз айрылдық. Бірақ біз оларды іздеп табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, метан мөлшерінің көптігіне байланысты "тұйықталымда опырылып түскен көмірді қолмен қазу жұмыстары тоқтатылды".

"Өнім қазатын бүкіл қуыс тау жыныстарымен және көмірмен бітеліп қалған. Метан концентрациясы 100 - 83% құрайды. Оның концентрациясының өз бетімен азаюын күтіп отыра алмаймыз. Сол себепті дегазациялық құбырлар орнатуға шешім қабылданды", -деді мекеме басшысы.

"Бүгін кешке қарай дегазациялық құбырларды жеткізіп құрастыру жұмыстары аяқталуға тиіс. Бұл кен орнының ішінде жедел желдету және зардап шеккендерді іздестіру үшін көмірді қазып шығаруды шапшаңдату үшін жасалуда", - деді министр.

Ол комиссияның ірі көлемде тау жыныстары атылып түскенін растағанын айтты. "Атылған газ көлемі шамамен 220 мың текше метрді, атылған көмірлі-дисперсиялық шаң-тозаңды тау жыныстарының салмағы 1 мың тоннаны құрайды. Бұл жүз КамАЗ көлігінің жүгіне тең",- деді В.Божко.

Министрдің айтуынша, ертең шахтаға кеніштердегі осындай атылулар проблемасын зерттеу саласындағы ресейлік мамандар келеді.

Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин үйінді астында қалған бес кеншінің отбасы мүшелеріне көңіл айтты. Ол сонымен бірге, ұжымдық келісім-шартқа сәйкес, отбасыларға 10 жылдық жалақы мен әрбір отбасының баспана жағдайын жақсарту үшін 80 мың АҚШ доллары төленетінін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны