06.01.2011, 12:36 4316

Бескөл-Достық темір жол учаскесінде жолаушылар тасымалдайтын поездардың қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Кеше сағат 15:15-те Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Бескөл-Достық стансысындағы жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Кеше сағат 15:15-те Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Бескөл-Достық стансысындағы жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, барлық вагондар қосымша қажетті көмір, дизельді отынмен және ыстық сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жолаушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, Үштөбе, Достық стансыларындағы асханалар тәулік бойы жұмыс жасаған.

Естеріңізге сала кетсек, Caspionet агенттігі, қаңтардың 3-інде Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Олардың ішінде №14-ші "Үрімші-Алматы", №13-ші "Алматы-Үрімші", №6941 "Ақтоғай-Достық" маршрутымен жүретін поездардың қозағылысы уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлаған болатын.

Сондай-ақ осы себеппен Астана станциясынан №54-ші "Астана-Үрімші" поезының қозағылыс бір тәулікке кейінге шегерілді. Тоқтатылған поездарда барлығы 225 жолаушы болған. Ал бүгінде аталмыш поездардың қозғалысы қайта басталды. "Жолаушылар тасымалдау" акционерлік қоғамы таратқан мәлімет бойынша, барлық тоқтатылған поездарға көмір, дизел отыны мен су берілді, ал жолаушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны