17.07.2013, 16:06 3032

Бір адамды екі бірдей көлік қағып кетті

Қостанайда белгісіз тұрғын жолдан өтемін деп, көлік астында қалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қостанай. 17-шілде. Kazakhstan Today - Бір адамды екі бірдей көлік қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қостанайда белгісіз тұрғын жолдан өтемін деп, көлік астында қалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің ақпараты бойынша, Қостанайлық тұрғын бағдаршамның қызыл түсі жанғанда, жүгіріп өте шығады. Алайда жолдың арғы бетіне жету тағдырына жазылмапты. Иуелі оны "Тойота" қағады, артынан жерге құлаған жігітті "Фольксваген" көлігі мыжып өтеді.

Ауыр жараланған жігіт оқиға болған орында тіл тартпай кетеді. Қазіргі уақытта марқұмның кім екені анықталып жатыр, дейді Департамент мамандары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны