22.10.2009, 15:52 3132

Бішкек циркінде адамдарға аю шабуыл жасауының салдарынан бір адам қаза тапты

Бішкек циркінде адамдарға аю шабуыл жасауының салдарынан бір адам қаза тапты

Бішкек. 22 қазан. Kazakhstan Today - Бішкек циркінде адамдарға аюдың шабуыл жасауы салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Мемлекеттік циркінің бас директоры Құрманғазы Исаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқыс оқиға бүгін циркте Ресейден келген труппаның репетициясы кезінде болған. Олар Қырғызстан астанасында "Медведи на льду" бағдарламасы бойынша көрсетілімдер қойып жатқан.

"Манежде аю аңдарды үйретуші Дмитрий Потапов пен оның көмекшісіне дүрсе қоя берген. Үйретушіге шабуылға шыққан аю оның мойны мен аяғын паршалап тастаған. Аңды тыныштандырмақ болған көмекші де жарақаттанды. Екі адамды аңның аузынан құтқарып алған цирк қызметкерлері манежден шығатын жолдарды жауып, милиция, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырды. Потапов жарақат салдарынан қаза тапты, көмекшісі ауруханаға жеткізілді, ал аюды тәртіп сақшылары атып тастады", - деді Қ. Исаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны